Елдос Сметовтің бапкері қанша жалақы алады

24 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
Фото: Facebook / Елдос Сметов

Қыркүйек айынан бастап Елдос Сметовті жаттықтыратын бапкердің жалақысы өсті, ол келесі Олимпиадаға дейін айына 4 миллион теңгеден артық алады. Мұндай шешім Жамбыл облыстық мәслихатының осы аптада өткен сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің жалақысы қыркүйек айынан бастап 4 миллион теңгеге өсті. Бұл Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес орындалға. Ғалымжан Жылгелдиев қыркүйек айына дейін ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатын.

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл жалақының көтерілуі спортшылардың әлемдік жарыстарда жүлде алуына байланысты автоматты қосымша төлем екенін хабарлады.

Ал Елдос Сметов облыс әкімінің шешімімен ең жоғары жалақы, яғни 2 684 000 теңге алады. Қазір Жамбыл облысының спорт басқармасы чемпионның жалақысын көтеру туралы шешімге өзгертулер енгізіп жатыр.

Еске сала кетейік, дзюдошы Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Серіктес жаңалықтары