Балқаштағы аралда үш тоннаға жуық голландиялық каннабис табылды

15 тамыз 2024 9:00 / Новости Казахстана
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шара аясында Балқаш өңірінде қарасора алаңын тапты. Есірткі плантациясы әуе барлауы кезінде анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

– Есірткі плантациясы Балқаш көлінің аралдарының бірінде анықталды. Сараптама тәркіленген 6 122 өсімдік бұтасы жалпы салмағы 2 тонна 740 келі болатын голландиялық каннабис екенін растады, – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Сондай-ақ полиция бастығы арал аумағында орналасқан шатырда патрондары бар тегіс ұңғылы қару, екі қап тыңайтқыш және қарасораны суарып, өңдеу туралы жазбалары бар дәптер табылғанын атап өтті.

– Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары