«Мәсімов босатылсын»: Бас прокуратураға ресми ұсыным түспеген
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімовтыің ұсталуына байланысты БҰҰ-ның мәлімдеме жариялауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media тілшісі
«Біріккен ұлттар ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жарияланғаны хабарланды. Бас прокуратура бұл мәселе бойынша не дейді?», - деген сұрақ Сенат кулуарында қойылды.
Бас прокурордың орынбасары ондай мәліметті әлеуметтік желіден көргенімен, органға ресми ұсыным келмегенін айтты.
«Мен оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ жұмыс ұсынымдарын әлі көрген жоқпын. Біздің Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс істейміз. Сол ұсыным бойынша кейін шешім қабылданады», - деді Әсет Шындалиев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: