Сегіз медициналық анықтама электронды түрде беріледі
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Енді еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Анықтамалар пациенттің келісімімен электрондық анықтамалар талап етілген мекемеге жіберіледі.
Министрлік осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Электронды түрде берілетін 8 медициналық анықтама:
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы-
075 / е «Медициналық анықтама»-
026 / е «ДКК қорытындысы»-
073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»-
069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»-
052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»-
076 / е «Қаруға рұқсат алу»-
038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».