ЕАДБ Қазақстандағы су тасқынының зардабын жоюға 1 млн доллар бөлді
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқынының салдарын жоюға қаржылай көмек жіберу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарлайды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Қазақстанда қалыптасқан жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қолдау көрсету үшін 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жібердік», - деді ЕАДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.
Сонымен қатар ЕАДБ жыл сайынғы жиналыс пен бизнес-форумды 2024 жылы имидждік оқиғаларды қоспағанда, қысқартылған форматта өткізу туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: