Базарда импортталған ет сатылмайды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2024, 13:00

Базарда импортталған ет сатылмайды

Базарларда импортталған ет мүлде сатылмайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты.«Атамекен» ҰКП съездалды жиыны кезінде журналистер вице-министрден өзімізде мал шаруашылығына жеткілікті жайылым, қолайлы климат бола тұра, Уругвай, Бразилия секілді алыс шетелдерден не себепті ет таситынымызды, ол еттер қайда жұмсалатыны жайлы сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Біріншіден, бұл импорттың көлемі (жалпы елде тұтынылатын еттің көлеміне шаққанда – ред) аз. Не үшін біз ет импорттаймыз? Уругвай мен Бразилиядан әкелінетін ет – мұздатылған сұрп ет (сүйегінін сылынған ет - ред). Жарты ұша болып келеді. Елімізге әкелінген соң ол қайта өңдеуге жіберіледі: консервіленген ет, бұқтырылған ет жасалады. Не үшін бұндай ет қолданылады десеңіз, бұл еттің өзіндік құны әлдеқайда арзан түседі. Ал енді, ішкі нарыққа шығатын ет – ол тек қазақстандық өнім. Базарларда сатылатын еттің бәрі — ауылдағы шаруалардың, отандық фермерлердің өсірген малының еті. Ешқандай Уругвайдың, Бразилияның еті онда сатылмайды. Ондай етті тек қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер шикізат ретінде әкеліп жатыр», - деді вице-министр.

 

Базар Импорт Ет сату

Тақырыпқа жаңалықтар