Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2024, 15:37

Гүлмира Сатыбалдыға жаңадан айыптар тағылып, тергеу жүргізілді

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңадан айыптар тағылып, тергеу амалдары аяқталды. Гүлмира кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушіге келген залал сомасы – 6,6 млрд теңгеден асады. Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болғаны белгілі болды. Ол сотта айыбын ішінара ғана мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетсек, прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

«Күдікті Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты бас бостандығынан заңсыз айыру, аса ірі мөлшерде қаржы бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару фактілері бойынша тергеу аяқталды. Алматы қаласының тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау санкциясын тағайындалды. Қазір қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысуда, содан кейін ол сотқа жіберіледі», - деді Данияр Бигайдаров.

 

Гүлмира Сатыбалды айыптар Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар