Кабинада ұйықтап жатқанда жүк көлігінен тауарды ұрлап кеткен
Ақтөбеде жүргізуші кабинада ұйықтап жатқанда ұры жүк көлігінен тауарды ұрлап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
10 қараша түнде белгісіз адамдар жүк көліктің артқы есігінің құлпын бұзып, тіркемесіне кіріп, әрқайсысы 16 келі болатын 23 қораптағы құс етін ұрлап кеткен.
Автокөлік Байғанин ауданы Ноғайты аулынан бір шақырымда Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын білген.
Полиция қызметкерлері ұрлықты ашу іс-шараларында Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында полицейлер ұрланған құс етінің қораптарын тәркіледі.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.