Каспий құбыр консорциумы Қазақстанға 3,9 млрд теңге салық төледі
Каспий құбыр консорциумы 2023 жылдың қараша және желтоқсан айында акционерлер қабылдаған шешімге сәйкес аралық дивидендтерді төлеу үшін кезекті траншты өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Консорциумның t.me/s/caspian_pipeline телеграм арнасындағы мәліметке сүйенсек, баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аралық дивидендтер үшін қомақты қаржы төлеген.
«Каспий құбыр косорциумы-Р» АҚ дивидент үшін 2 млрд рубль салық ұсталғаннан кейін 26,050 млрд рубль мөлшерінде төлем жасалған.
«Ал, «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ 93,5 млн АҚШ доллары сомасында төлем жасады. Бұл ретте акционерлік қоғам Қазақстан Республикасының салық органдары алдындағы жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені төледі», - деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Теңіз-Новороссийск» құбырымен мұнай тасымалдау үш күнге неге тоқтатылғанын хабарлаған едік.
Желтоқсанның 25-28 күндері мұнайды сақтайтын қоймалардың толғанына байланысты «Теңіз-Новороссийск» құбырымен тасымалдау тоқтатылған. Сондай-ақ 22-26 желтоқсан аралығында Қара теңізде қатты желдің салдарынан толқын көтерілген. Соған байланысты терминалда танкерлерге мұнайды ауыстырып тиеу толығымен тоқтады.
Терминалда мұнайды тиеу, жөнелту, құбырмен мұнай тасымалы 28 желтоқсанда қайта жалғасты.