Күйеуінен зәбір көрген әйел арнайы орталыққа келді
Атырауда күйеуінен зәбір көрген әйел зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсету орталығына орналастырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
31 жастағы әйел отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20 қарашадан бері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара кезінде №5 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция қызметкерлері ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен бірге рейдтік тексеруге шықты. Тексеру кезінде 1984 жылғы күйеуінен 31 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық көргенін анықтады. Әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсету орталығына орналастырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал, оның күйеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотта қаралды. Соттың қаулысымен 39 жастағы ер адамға ескерту беріліп, қорғау нұсқамасымен Атырау қалалық полиция басқармасының есебіне алынды.
Сондай-ақ, сот 1992 жылғы әйелдің мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.