Мойнына гир тасын байлап, өзенге батырып жіберген

6 тамыз 2024 11:46 / Новости Казахстана

Ағайынды азаматтар алдын ала сөз байласып, адам өлтірген және үйінде заңсыз оқ-дәрілерді сақтап келген. Сот оларға 15 және 16 жылға бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ағайынды К., жәбірленуші Ж.-дан сатып алынған үйдің құнын төлемеуді ұйғарған. Сөйтіп алдын ала сөз байласа отырып пайдакүнемдік ниетпен әлгі азаматты өлтіруді ойластырған. Оны Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, қолын буып, денесіне салмағы 16 килограмм гир тасын байлап, суға батырып жіберген. Сонымен қатар К.А.-ның үйін тінту кезінде старттық тапанша мен атыс оқтары табылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілесе, ал К.Д.-ны 15 жыл мерзімге темір тордың ар жағына жөнелтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, сот орындаушылары қызметінің 80 пайыздан астамы электронды форматта атқарылады.

Серіктес жаңалықтары