Павлодар облысындағы өрт: Әскери ұшқыштар көмекке келді

8 қазан 2024 11:00 / Новости Казахстана
Фото: ҚР ТЖМ

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды. Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады.

Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда жер өртеніп, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Өрт шалған жерге жақын орналасқан Жұмат Шанин ауылына қауіп төніп тұрған жоқ

Ал бүгін түске таман Павлодар облысының әкімі Баянауылдағы өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Тікұшақтар Павлодар мен Қарағанды шекарасындағы өрт ошақтарына 22 тонна су төкті.

Серіктес жаңалықтары