Қазақстандық шеберлер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

8 қыркүйек 2024 20:01 / Новости Казахстана
ФОТО: Көшпенділер ойындары дирекциясы

Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді. Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы өтті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айтулы шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады және ұлттық спорт бәсекесінің ашылу рәсімі «Астана арена» стадионында өтіп жатыр. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, шоуға 3 мың артист қатысады. Шараның ашылу рәсімінің алдында, 8 қыркүйек күні сағат 16:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Концерт аяқталысымен сағат 19:00-де ресми ашылу салтанаты болады. Шоу барысында сахна мен мультимедианың заманауи технологиялары қолдыныла отырып, екі сағаттық музыкалық театрландырылған қойылым ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары