Қазақстан жаңалықтары10 қараша 2023, 20:40

Шымкентте қызылшамен ауырғандардың 90 пайызы екпе алмаған

Шымкентте қызылша жұқтырғандардың 90 пайызы екпе алмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шымкент қаласы бойынша қызылшамен ауырғандар саны 2 312-ге жетті. Науқастардың 80 пайызға жуығын 14 жасқа толмаған балалар құрайды.

Сондай-ақ мамандардың сөзінше, аталған ауруды жұқтырғандардың 90 пайызы екпе алмаған. Сондықтан дәрігерлер көпшілікті екпені уақытылы қабылдауға шақыруда. 

«Қалада 2021-2022 жылдары қызылша ауруы тіркелмеген. Ал биыл күн сайын тұрғындар арасында қызылша аурушаңдығының таралуы белең алып, өршуде. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы — вакцинация. Қызылшаға қарсы егу — вирусты жасанды жолмен тоқтату. Нәтижесінде ағза өзін тұрақты қорғайтын иммунитет қалыптастырады», — дейді Шымкент қаласының СЭБД бөлім басшысы Жанар Жақсылықова. 

Шымкент қызылша екпе Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар