Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген қаржыны жымқырған басшы ұсталды

6 ақпан 2024 13:00 / Новости Казахстана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Шымкент қалалық тұрғын үй басқарамасына тексеру жүргізді. Тексеру барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Басқарма басшысының м.а. қаржы жымқыру әрекетін алдын ала бір топ адаммен сөз байласу арқылы жүзеге асырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ол қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жұмысын орындауға бөлінген аса ірі мөлшердегі қаржыны бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы жымқырды деп айыпталып отыр», делінген Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратында.

Шенеуніктер келтірген залалдың болжамды сомасы - 120 милиион теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі шенеунік Қазығұрт ауылындағы монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастырды деген нұсқа тексерілетінін мәлімдеді. Айта кетсек, аталмыш монша кешені күдіктінің анасына рәсімделген.

Күдікті Шымкент қаласы полициясының уақытша изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары