Талғарда 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді - полиция отбасыны қорғауға алды

12 қазан 2024 10:20 / Новости Казахстана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Болаттың үй өртенді. ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қазан күні сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт 01:38 оқшауланып, сағат 01:43-де толығымен жойылған. -Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында, - деп хабарлады ТЖД. Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

- Келіп түскен арызға сәйкес 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Алматы облысының прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары