Қазақстан жаңалықтары21 қаңтар 2024, 18:59

Тарақанның уынынан бес адам ауруханаға түсті

Оралда пәтерде тарақанды жою үшін у себілгеннен кейін 5 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 қаңтар күні 1-Завокзальный тұйық көшесі 61/3-мекенжайында болды.

«Өз пәтерінде 1988 жылғы тұрғын тарақанды жою үшін химиялық затты сепкен. Салдарынан химиялық заттан уланған 1951 және 1974 жылғы көршілер қалалық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 22.01-де түскен.

Барлығы бес адам зардап шеккен. Жедел жәрдем бригадасымен 1974 жылғы ер адам, 1951, 1982, 1992 жылғы әйелдер және 2018 жылғы қыз бала қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Олардың бәрін дәрігерлер қарап, таңға дейін қалдырылған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. 20 қаңтар күні амбулаториялық емдеуге жіберілді.

орал тарақан Улану

Тақырыпқа жаңалықтар