Тергеу изоляторынан қарақалпақ белсендісі Мирманбетова босатылды
Алматыдағы тергеу изоляторынан тағы бір қарақалпақ белсендісі Зиуар Мирманбетова босатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл ақпарат қарақалпақ диаспорасының өкілі Ақылбек Мұратбайдың Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
"Зиуар Мирманбетова бір жыл бұрын Өзбекстан полициясы мен арнайы қызметінің қатысуымен Қазақстан аумағында ұсталған болатын. Жалпы, Ташкенттің сұрауы бойынша шетелде қарақалпақ диаспорасының 5 өкілі тұтқындалды. Солардың бірі Тілеубике Юлдашева әлі Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр", - деп жазды Ақылбек Мұратбай.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: