Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

2024 жылы Өзбекстанда 600 мыңнан астам ресейлік демалған
26 қараша 2024 / Евразия

2024 жылы Өзбекстанда 600 мыңнан астам ресейлік демалған

2024 жылы Өзбекстанда 600 мыңнан астам ресейлік демалған. Приморье губернаторы Өзбекстанның шынымен де Ресей үшін өте маңызды туристік бағыт екенін, бұл ынтымақтастықтың жалғасатынын білдірді. 2024 жылдың тоғыз айында Өзбекстанға 610 мыңнан астам ресейлік барды және жыл соңына дейін республикадағы қонақтардың саны миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлады Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов. 

Түтін тұмшалаған Өскемен: Экологтар тексеру қорытындысын жария етті
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Түтін тұмшалаған Өскемен: Экологтар тексеру қорытындысын жария етті

Өскемен қаласы тұрғындары ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне шағымданған соң экологтар тексеру жүргізді. ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қарашада таңертеңнен әлеуметтік желіде Өскеменді түтін басқан видеолар тараған соң мамандар қаланың бірнеше ықшамаудандарына барып, ауа сапасын тексерді. «Өлшеу жұмыстары күні бойы арнайы жабдықпен жүргізілді. Соның нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу дерегі анықталған жоқ. „Қазгидромет“ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ұсынған автоматты бақылау бекеттерінің деректері бойынша да ластаушы заттардың біржолғы шекті рұқсат етілген концентрациясының асып кетуі тіркелмеді».

Текелі ауруханасында бас есепші 2 млн теңге аванс алған
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Текелі ауруханасында бас есепші 2 млн теңге аванс алған

Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлері мекеме басшылығына қатысты наразылықтарын білдірді. Олар аурухананың басшысы мен ішкі жұмыстарын толық тексеруді сұрайды. Медицина қызметкерлерінің шағымына байланысты облыстан арнайы комиссия құрылды. Текелілік медицина қызметкерлері аурухананың бас дәрігері Аслан Қалибеков өз командасымен келіп, оларға ерекше жағдай жасап отырғанына наразы. 

Алматы: Автобуста телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелді ұрып жіберді
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Алматы: Автобуста телефонмен қатты сөйлескені үшін әйелді ұрып жіберді

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлеген әйелді ұрып жіберді. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің сөзінше, келеңсіз жайт (Төле би мен Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында) №126 автобуста болған. 

Жетісу облысында әйел су құбырының қазылған орнына құлап кетті
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында әйел су құбырының қазылған орнына құлап кетті

Кербұлақ ауданында әйел адам терең шұңқырға түсіп кеткен. Қараңғыда болған жазатайым оқиғаға қатысты аудандық әкімдік жауап берді. Оқыс оқиға Сарыөзек ауылында болған. Аманжолов көшесінде жарылған су құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқырға түнгі уақытта әйел адам түсіп кеткен. Әлеуметтік желіге жарияланған жазбаға Кербұлақ ауданы әкімдігі жауап берді. 

Алматылықтар жер сілкінісін сезді
26 қараша 2024 / Новости Казахстана

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. «ҚР ТЖМ „Сейсмологиялык зерттеу институты“ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақытымен 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда», — деп жазды министрлікті баспасөз қызметі. 

Мысырда туристер мінген Sea Story яхтасы суға батып кетті
25 қараша 2024 / Мир

Мысырда туристер мінген Sea Story яхтасы суға батып кетті

Дүйсенбі күні туристер мінген Sea Story яхтасы Қызыл теңіздегі Мысырдың Марса Алама қаласының жағалауындағы тур кезінде суға батып кетті. Кеме жолаушылары мен экипажы із-түзсіз жоғалып, құзырлы органдар оларды іздеуге кірісті.