Оралда 21 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Фото: ТЖМ
TJM

Оралда 21 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Орал қаласында 21 жастағы қыз Шаған өзенінен өтетін көпірден секіріп кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қараша күні болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«112 пультіне хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жетті. Олар қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында қыз аман қалды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

орал қыз Көпір

Тақырыпқа жаңалықтар