Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Иран көсемі түрмеде отырған 40 шетелдікке рақымшылық жасады
24 қыркүйек 2024 / Мир

Иран көсемі түрмеде отырған 40 шетелдікке рақымшылық жасады

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хоменеи елдің сот билігі басшысының ұсынысы бойынша 2 887 тұтқынға рақымшылық жасап, олардың жазасын қысқартуға келісті.  Сот жүйесі басшысының орынбасары Садық Рахимидің айтуынша, кешірім жасалған және жеңілдетілген сотталғандардың 2745-і мемлекеттік және революциялық соттар, 11-і қарулы күштердің сот жүйесі және 131-і Иранның жазалар басқармасы тарапынан бас бостандығынан айырылған. 

Ақтөбеде екі компания жоқ құбырды сатып алған
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде екі компания жоқ құбырды сатып алған

Ақтөбеде мұнай компаниясы техника мен құрал-жабдықтар сататын ЖШС-пен келісімге келіп, жоқ құбырды сатып, сатып алған. Екі арадағы келісім сомасы 43 млн теңге болды. Сот бұл келісімшарттың күшін жойды. Екі компания арасындағы құйтырқы істі салық органдары анықтап, кейін тексеру жүргізеді. Іс материалына сүйенсек, шетелдік мұнай компаниясы техникалар мен құрал-жабдықтарды көтерме бағада сатумен айналысатын ірі компаниямен уағдаласып, құбыр жеткізуге келіседі. Екі арадағы келісімшартта 43 млн теңге көрсетілген. 

Газадағы құрбандар саны 41,4 мыңнан асты
24 қыркүйек 2024 / Мир

Газадағы құрбандар саны 41,4 мыңнан асты

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Израильдің блокададағы Газа секторына 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 41 455-ке жеткен. 

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді. Турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады. Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады. 

Израильдің Хезболлаға қарсы әуе шабуылынан 274 адам қаза тапқан
24 қыркүйек 2024 / Мир

Израильдің Хезболлаға қарсы әуе шабуылынан 274 адам қаза тапқан

23 қыркүйекте Израильдің «Хезболла» нысаналарына жасаған ауқымды соққыларынан 300-ге жуық адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, деп хабарлады Ливан билігі. Бір аптаға жетпей 5 мыңға жуық адам жараланған. 23 қыркүйек, дүйсенбі күні Израильдің Ливандағы "Хезболла" қозғалысының нысандарына жаппай соққы беруі нәтижесінде 274 адам қаза тапты, оның ішінде 39 әйел мен 21 бала, деп хабарлады Ливан денсаулық сақтау министрі Фирас Абиад Бейруттегі баспасөз мәслихатында. 

Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
24 қыркүйек 2024 / Sport

Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы. 

Ресейдің сыртқы барлау қызметі Навальныйдың тұтқындармен алмасу тізімінде болғанын меңзеген
24 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейдің сыртқы барлау қызметі Навальныйдың тұтқындармен алмасу тізімінде болғанын меңзеген

Ресейдің сыртқы барлау қызметі Навальныйдың тұтқындармен алмасудың бастапқы тізімінде болғанын меңзеген. Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметі шығарған «Разведчик» журналының жаңа санында «Үйге ұзақ жол» атты мақала жарияланды. Әңгіме 1 тамызда Ресей Федерациясы мен Батыс елдері арасындағы тұтқындарды ауқымды алмасу туралы болып отыр. Мақалада айырбастың бастапқы тізімінде 2024 жылы 16 ақпанда колонияда қайтыс болған Алексей Навальныйдың болғаны тікелей меңзейді, деп атап өтті агенттік. 

Ресейде елден тыс жердегі шетелдіктерге «русофобия» үшін жаза енгізеді
24 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейде елден тыс жердегі шетелдіктерге «русофобия» үшін жаза енгізеді

Ресейде елден тыс жерлердегі шетелдіктерге «русофобия» үшін жаза енгізеді.  Ресей үкіметі тиісті заң жобасын қолдады, деп таратты Интерфакс. Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізіледі. 

Украина Ресейге қарсы: Гаагада жаңа тыңдаулар басталды
24 қыркүйек 2024 / Мир

Украина Ресейге қарсы: Гаагада жаңа тыңдаулар басталды

Украина Ресейге қарсы: Гаагада жаңа тыңдаулар басталды.  Қырым көпірін бұзып, Ресей Федерациясының Қара және Азов теңіздеріндегі басқа да заңсыз әрекеттерін тоқтату - мұндай талаптарды Украина Ресейге теңіз құқығы саласындағы талап арызы бойынша ашылған тыңдауларда алға тартты. Істі Халықаралық арбитраждың тұрақты соты қарайды.