Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қостанай облысында 28 елдімекен жарықсыз қалды
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Қостанай облысында 28 елдімекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды. Апаттық ажыратылуы себепті 28 елдімекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады.

Бишімбаев соты: Салтанат Нүкенованы қылқындыру белгілері бар деді сарапшы
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Бишімбаев соты: Салтанат Нүкенованы қылқындыру белгілері бар деді сарапшы

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанаттың өліміне себеп болған бас жарақаттарын тізбектеп берді. Ол марқұмның бет-жүзінде болған жарақаттарды манекенге салып көрсетті. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.

«Қазақстан халқына» қоры су тасқыны салдарын жоюға 10 млрд теңге бөледі
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Қазақстан халқына» қоры су тасқыны салдарын жоюға 10 млрд теңге бөледі

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек мөлшерін 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтады. 1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардан қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылық қаражаты зардап шеккендерге үй салуға аударылады. 9 сәуірдегі жағдай бойынша қор шотына 970 млн теңге түсті. Қор түсткен қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Елді мекендерді, құрылыс орнын таңдау және жер учаскелерін беру, құрылыс компаниялары атынан мердігерлерді айқындау жөніндегі жұмыс құрылысқа тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі.

Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов облыста су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді. лматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс бар. Атап айтқанда, «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты су қоймалары бар. Бүгінде су толтыру режимдері штатты түрде жүргізілуде. Толтыру көрсеткіштері 44 пайыздан 99 пайызға дейін жетеді. Барлығы бақылауда. жыл басынан бастап көктемге дейін елді мекендерден 3,7 мың м3 қар шығарылды. Одан бөлек, автожолдар астындағы 157 су өткізу құбыры, темір жолдар астындағы 7 құбыр, 347 шақырым арық желісі, 156,9 шақырым арна және 82,1 шақырым су бұру каналдары тазартылған.

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді

Ақтөбеде су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу басталды. Cу тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда.

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?

Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген.

Тасқын: Азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?
9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?

Су тасқыны болған өңірлердегі сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізіліп, азық-түлік пен қажетті тауарлар қорлары тексеріліп жатыр.  Ұлттық статистика бюросының ақпаратынына сәйкес, ел өңірлерінде әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі тіркелмеген.