Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 14:19

Бишімбаев соты: Салтанат Нүкенованы қылқындыру белгілері бар деді сарапшы

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанаттың өліміне себеп болған бас жарақаттарын тізбектеп берді. Ол марқұмның бет-жүзінде болған жарақаттарды манекенге салып көрсетті. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Есі сау адам өздігінен мұндай жарақат алмайды. Биіктен құласа бір жөн, жерде тұрған адам басын жерге соғып, мұндай зақым ала алмайды, - деді ол.

Сарапшы Нүкенованың мойнында қылғындыру белгілері бар болғанын атап өтті.

«Оны соққылардан кейін қылқындырған ба?» - деп сұрады судья Айжан Көлбаева.

Халимназаров «иә» деп жауап берді.

 

Бишімбаев соты Салтанат Нүкенова қылқындыру сарапшы

Тақырыпқа жаңалықтар