Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 14:03

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді

Ақтөбеде су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу басталды. Cу тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтып берді.

«Су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда. Су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, зардап шеккен барлық тұрғынның шығындары өтеледі», - деді А, Есенбаев.

 

 

Ақтөбе Тасқын 64 млн теңге әлеуметтік төлем

Тақырыпқа жаңалықтар