Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
24 қазан 2024 / Sport

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Брессюир (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 6-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда франциялық, әлемнің 156-ракеткасы Грегуар Баррерді ойсырата ұтты – 6:1, 6:3.Бір сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кетпеді. Баррер 3 эйспен шектелді. 

Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді
24 қазан 2024 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті. 

Қырғызстанда жала жапқаны және қорлағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін
24 қазан 2024 / Евразия

Қырғызстанда жала жапқаны және қорлағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін

Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының құқықбұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасында ақпарат құралдарында және интернетте қорлау немесе жала жабу үшін жоғары көлемде айыппұл салу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет сайттарында қорлау немесе жала жабу үшін жеке тұлғаларға 1000 есептік көрсеткіш (100 мың сом), ал заңды тұлғаларға 2000 есептік көрсеткіш (200 мың сом) көлемінде айыппұл салынады. 

Әлемде 2024 жылы контейнер тасымал нарығы 6% өсуі мүмкін
24 қазан 2024 / Новости Казахстана

Әлемде 2024 жылы контейнер тасымал нарығы 6% өсуі мүмкін

2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік контейнер нарығының көлемі 6%-ға өсуі мүмкін. Мұндай болжамды A.P. Moller-Maersk A/S (APMM) трансұлттық компаниясы ұсынды. 2024 жылдың мамыр айында Maersk әлемдік контейнерлік тасымалдар нарығының өсімін 2,5-4,5% аралығында болады деп бағалаған еді. Тамыз айында компания өз болжамын жоғарылатып, 4-6% аралығына деп түзетті,. 

Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қанша адам көз жұмды
24 қазан 2024 / Мир

Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қанша адам көз жұмды

Түркияның TUSAŞ әуе-ғарыш компаниясының нысанындағы лаңкестік әрекет Түркияның тұрақтылығы мен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктеріне нұқсан келтіруді көздейді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған X әлеуметтік желісінде түріктің TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының нысандарына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы шабуылдан кейінгі алғашқы минуттарда түрік қауіпсіздік күштері шұғыл әрекет етіп, лаңкестерді залалсыздандырғанын атап өтті. 

Түркістан: Адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адам ұсталды
24 қазан 2024 / Новости Казахстана

Түркістан: Адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адам ұсталды

Жергілікті тұрғынға танысын өлтірмек болды деп айып тағылған болатын. Қазір күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстаған. 

Қазақстан паспорты: сапа мен сипат қандай
24 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан паспорты: сапа мен сипат қандай

азақстанда төлқұжаттың 3 түрі қолданылады: жалпы азаматтық, қызметтік және дипломатиялық. Заң шеңберінде әрбірінің өзіндік құзыреті мен мүмкіндігі қарастырылған. Түсі мен ақпарында да айырмашылық бар. Халық арасында шетелге шығу үшін алғашқысы қолданылса, соңғы екеуі іскерлік сапарда қажет.

ЕО: Гутерриш БРИКС саммитінде Украинадағы соғысты айыптауы керек
24 қазан 2024 / Мир

ЕО: Гутерриш БРИКС саммитінде Украинадағы соғысты айыптауы керек

ЕО: Гутерриш БРИКС саммитінде Украинадағы соғысты айыптауы керек. Қазандағы БРИКС саммитіне қатысушылардың барлығы осы платформаны пайдаланып, Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы соғысты дереу тоқтатуға шақыруы керек. Бұл үндеу әсіресе БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке қатысты, деді Питер Стано, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелльдің баспасөз хатшысы.