ЕуразияБүгін, 12:25

Ақ үй маңындағы атыстан екі әскери жараланды

Вашингтондағы Ақ үйдің жанында атыс болып, Ұлттық гвардияның екі жауынгері ауыр жараланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ФТБ директоры Кэш Патель хабарлады.

Шабуыл жасаған күдікті де жарақат алып, оқиға орнында ұсталған. АҚШ үкіметінің дерегінше, ол 2021 жылы Ауғанстаннан келген.

Президент Дональд Трамп болған жағдайды «террорлық акт» деп бағалап, ауғанстандық азаматтарды тексеруді күшейтуді тапсырды.

Оқиғадан кейін Ақ үй уақытша карантинге жабылды.

Вашингтон Ақ үй гвардия Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар