ЕуразияБүгін, 13:40

Австралияда 4,7 млн жасөспірімнің әлеуметтік желідегі аккаунты жабылды

Австралияда 16 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынғанына бір айдан асты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осы уақыт ішінде 4,7 миллион жасөспірімнің аккаунты жойылғанын елдің премьер-министрі Энтони Албаниз мәлімдеді.

Бұл тәжірибеге әлем елдері де назар аударып отыр. Франция, Малайзия және Индонезия осындай заң қабылдауы мүмкін екенін айтса, Еуропаның бірқатар мемлекеті мен АҚШ-тың кей штаттары да жасөспірімдер үшін әлеуметтік медианы шектеуді талқылап жатыр.

Жасөспірім Желі бұғат Австралия

Тақырыпқа жаңалықтар