Еуразия11 қазан 2023, 10:00

Бакуде түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестивалі өтіп жатыр

Әзірбайжан астанасында түркі әлемінің «Қорқыт ата» III кинофестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлайды.

Кинофестиваль аясында түркі мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен саммит өтті. Оған ТЮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанның құзырлы министрліктерінің ресми тұлғалары, кино қайраткерлері қатысты.

Фестиваль мақсаты – түркі әлемі бірлігі мен түркі халықтарының арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту.

Киногерлер назарына бірқатар фильм ұсынылды. Олардың арасында «113 күн», «2602 жобасы», «Қайдан келдің, тырна?», «Мәрмәрдай суық», «Ағайынды Нобельдер», «София», «Гюльмира» және тағы басқа картиналар бар.

2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль алғашқы жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында, былтыр Бурсада өтті.

Биыл кинематографтарды Әзербайжан астанасы қабылдап жатыр. Оны Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігі, Гейдар Алиев орталығы, ТЮРКСОЙ, Әзербайжан Республикасы Кино агенттігі мен Баку медиа орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Қорқыт ата фестиваль баку

Тақырыпқа жаңалықтар