Еуразия5 қазан 2023, 12:30

Бішкекте қылмыстық топ серкесі Қамшы Көлбаев қаза тапты

Қырғызстанда атышулы қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстауға бағытталған арнайы операцияда қаза тапқандардың мәйіті мәйітханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  24.kg ресурсы таратты. 

Бішкекте арнайы операция кезінде қаза тапқан Қамшы Көлбаевтың денесін мәйітханаға жедел жәрдем көлігі әкелген.

Ғимараттан бөгде адамдардың бәрі шығарылып, құқық қорғау органдары мен барлау қызметкерлері ғана болған. 

Атыс кезінде Қамшы Көлбаев қарсылық көрсетіп, ҰҚК арнайы жасағының күшімен көзі жойылды.

Қамшы Көлбаев бішкек Қылмыстық топ қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар