Бұрынғы күйеуі мұрны мен құлағын кесіп тастаған
Қырғызстандық дәрігер бұрынғы күйеуі мұрны мен құлағын кесіп тастаған келіншекке отаның қалай жасалғанын айтып берді- деп хабарлайды Arbat.media.
Қырғызстан ұлттық госпиталінің бас дәрігері Бақыт Төлөгөновтің сұхбаты Kaktus.media порталында жарияланды.
Бас дәрігер әйелдің жалпы денсаулығы мен психологиялық жағдайы ауыр екенін атап өтті.
Сокулук ауданы ауруханасындағы әріптестері оны бізге әкелді. Ота пластикалық хирургтармен бірге сегіз сағатқа созылды. Бес литр қан алмастырғыштар жұмсалды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр», - деді Төлөгонов.
Ол жоғарыда келтірілген жарақаттардан басқа қолында кесілген жарақат бар екенін және барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын айтты.
«Оған ешкім кіре алмайды, толық көмек көрсету үшін 3-4 күн жабық есікте бақыланады. Тура мағынасында оның құлағы кесілген, бізде медициналық тактика бар, адымдап, кезең-кезеңімен тігеміз. Мұның бәрі органның қашан кесілгеніне, қанша уақыт өткеніне, қандай жағдайда екеніне байланысты. Әйелді қабылдаған кезде біз мұны білмедік. Біз мүмкіндігінше ақпарат жинадық. Барлығына көз жеткізу үшін, жақсы бітіп кету үшін отаның бірінші кезеңін жасадық.Одан кейін орган тамыр алған соң пластикалық трансплантациялау оталарын жасаймыз», - деп түсіндірді бас дәрігер.
Сондай-ақ ол қазір құқық қорғау органдары әйелді күзетпейтінін, өйткені оны ешкімге көрсетпейтінін және келіншектің аты-жөнін құпия сақтайтынын ескерді.
Ал бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп алған ер адам екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сокулук аудандық сотының тергеу судьясы 22 қыркүйекте қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ ол еркек бұрынғы әйелін бірнеше рет ұрып-соғып, зорлағаны белгілі болды, бірақ әйел сот органдарына қарсы арыз жазған екен.