Еуразия29 қараша 2025, 19:09

Индонезиядағы су тасқыны: 200-ге жуық адам қаза тапты

Индонезияда нөсер жаңбыр салдарынан пайда болған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 198 адамға жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұған дейін 174 адамның қаза тауып, 79 адамның жоғалғаны белгілі болған. Ал жергілікті биліктің соңғы мәліметі бойынша, Батыс Суматрада тіркелген өлім-жітім 23-тен 47-ге дейін өскен.

Айта кетейік, табиғи апат Солтүстік Суматра, Ачех және Батыс Суматра провинцияларында өткен сенбіде басталып, 20 мыңнан астам тұрғын басқа жерлерге көшірілген болатын.

Индонезия жауын Тасқын Апат
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар