Өзбекстан: Халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды
Фото: inbusiness.kz
inbusiness.kz
Еуразия8 қараша 2024, 16:00

Өзбекстан: Халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев халық медицинасымен айналысатын тұлғаларға жауапкершілікті көздейтін заңға қол қойды. Заң бұзған жеке тұлғаларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 доллар), ал қызмет өкілдеріне 20-25 АЕК (587-734 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Рұқсат етілмеген емдеу әдістерін қолданғаны, олар үшін материалдық құндылықтар немесе мүліктік пайда алғаны, сондай-ақ оларды насихаттағаны үшін 15-тен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 АҚШ доллары) айыппұл салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұзушыға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (587-881 АҚШ доллары) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Өзбекстан халық емі Заң тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар