Өзбекстанда Қытайдың көмегімен жасыл энергетика жобасы жүзеге асырылуда
Өзбекстанда Қытайдың көмегімен жасыл энергетика жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны бастапқы кезеңде 200 миллион долларды, соңында 1,8 миллиард долларды құрайды. Өзбекстанның Аханғаран облысында Baibuting Group Co. Ltd Қытайдан 1,8 миллиард доллар тұратын ауқымды жасыл энергетика жобасын қолға алмақшы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қытайдың Ухань қаласында тараптар жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазір мұнда Ташкент облысының әкімі Зоир Мирзаев бастаған делегация жүр.
Жобаның бастапқы инвестициясы 200 миллион долларды құрайды.Бұл бастама аясында жалпы өндірістік қуаты 2 ГВт жел, күн және су электр станцияларын салу жоспарлануда. Жобаға Аханғаран ауданынан 2,6 мың гектар жер учаскесі бөлінеді.
Baibuting Group басшысы Мао Ён Хун жобаны жүзеге асыруға тағы он шақты қытайлық компанияны тартуды жоспарлап отыр.
Қазір Ташкент облысында Қытай капиталының қатысуымен 722 кәсіпорын жұмыс істейді.