Өзбекстанға келген Кевин Спейси кенеттен ауруханаға түсті
Голливуд жұлдызы Кевин Спейси инфаркт күдігімен Ташкент ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
The Sun британ басылымының хабарлауынша, оны тексерген дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ екенін айтқан.
Кевин Спейси 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өткен XV Ташкент халықаралық кинофестиваліне қатысуға келген.
«Карточный домик» пен «Красота по-американски» жұлдызы жүрек талмасы күдігімен Ташкенттегі медициналық мекемеге жеткізілді.
Актер Самарқандағы Афрасиаб көне қаласы маңында музей қабырғасындағы суреттерді тамашалап жүргенде өзін нашар сезінген.
Актердің сол қолы бірнеше секунд қозғалмай қалғаны хабарланды.
Спейси Ташкентте МРТ тексерістен өтіп, күдігі расталмады.
Кейінірек ол сахнаға шығып, көрермендерге бәрі жақсы екенін айтты.
«Бұл жағдай біздің өміріміз қаншалықты қыл үстінде тұрғаны жайында ойландырды», - деді актер.