Еуразия5 ақпан 2024, 10:23

Өзбекстанның мемлекеттік мекеме басшылары қоғамдық көлікпен жүреді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2024 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру туралы жарлық жобасын мақұлдады, оның аясында ай сайын «Автокөліксіз күн» өткізу ұсынылды. Бұл құжат бойынша мемлекеттік қызметкерлер көрсетілген күні тек қоғамдық көлікте жүруі керек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Gazeta.uz басылымы хабарлады.

Акцияның басты мақсаты қалалардағы көлік қозғалысын азайту болмақ. Бұл бастаманы жүзеге асыруға жауаптылар Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен Ташкент әкімшілігінен тағайындалады.

Сонымен қатар, Еуро 5 және одан жоғары стандарттарға сәйкес келмейтін көліктерді пайдалануды кезең-кезеңімен шектеу ұсынылуда. Бұл шектеу Ташкент, Нөкіс қалалары мен облыс орталықтарына қатысты болады. Бұған қоса, ел билігі қарбалас уақытта Ташкент жолдарында N2, N3 және O4 санатындағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қоюды жоспарлап отыр.

Өзбекстан мемлекеттік мекеме басшылары Қоғамдық көлік

Тақырыпқа жаңалықтар