Қырғызстан президентінің болашақ күйеу баласы ұсталды
Қырғызстан президентінің болашақ күйеу баласының ұсталуы жайлы белгілі болды. Қырғызстан президентінің жиені Лазат Нұркожоеваның жігіті Афтандил Сабырбековпен бірге оның ағасы да ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы 24.kg агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сабырбеков 5 шілдеде аса ірі көлемде есірткіні дайындап, сатты деген күдікпен ұсталған.
Онымен бірге ағасы Тариэль мен тағы бірнеше адам ұсталды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Афтандил Сабырбековтің есірткі таратқан деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған еді. Сот оны 3 тамызға дейін қамауға алды.
Кейін Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Лазат Нұрғожоеваның күйеу жігітінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Ол жігіт өзінің қылмыстық істері үшін жебеуші іздеп жүрген болуы мүмкін деді.
Афтандил Сабырбеков Қырғызстан президентінің жиеніне жалға алынған тікұшақпен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасағаннан кейін аты шыққан.
Оқиғадан түсірілген видео қоғамда үлкен резонанс тудырған соң, Садыр Жапаров болашақ күйеу баласының ысырапшылдығы үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Сондай-ақ Афтандил Сабырбековтің Hive Bar түнгі клубының қожайыны екені және бұрын үйленгені белгілі болды.