Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казиноларға көмектескен
ҚМА Астанада заңсыз интернет-казинолардың жұмыс істеуіне жағдай жасаған бір топ адамға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Іс материалдарына сәйкес, заңсыз қызмет «Nomadgames», «Sultangames» интернет-сайттары мен олардың көшірме сайттары арқылы жүргізілген. Ойыншылардан ақша қабылдау үшін төлем ұйымдары, банк эквайрингі, POS және интернет-терминалдар, электрондық әмияндар мен криптовалюта құралдары қамтылған көпсатылы төлем жүйесі пайдаланылған. Бұл іске банк саласының өкілдері де қатысқан. Олар төлем инфрақұрылымына қосуды, міндетті тексеру жүргізбестен шарттар жасасуды және интернет-терминалдарға тиісті MCC-кодтарын беруді қамтамасыз еткен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: