Қырғызстандағы қайғылы оқиғаға байланысты 12 полиция қызметкері жазаланды
Қырғыз елінде болған оқушыларға жүк көлігінің соғылу оқиғасына қатысты ведомствоаралық комиссияның тексеру нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ІІМ-нің 12 қызметкері жазаланды. Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, сондай-ақ оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылдыБұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Жалал-Абад облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мен Созақ аудандық ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылды. Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында болған оқиға бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасына сәйкес комиссия құрылып, оның құрамына тиісті бейінді министрліктердің, Президент Әкімшілігінің өкілдері кіргені хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Созақта «Манас» эпосының 1 000 жылдығына арналған аудандық деңгейдегі мектеп флешмобын өткізу кезінде жүргізушінің бақылауынсыз тау төбесінде тұрған шағын балмұздақ жүк көлігі орнынан қозғалып, бір топ баланы қағып кеткен болатын.