Қытай оқу жылының кестесіне өзгеріс енгізе бастады
Қытай оқу жылының кестесіне өзгеріс енгізе бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұрын бұл елде оқушылар қыста және жазда ғана демалатын. Енді олар күзде және көктемде де каникулға шығады. Бейжіңнің бұл тактикасы бекер емес: осылайша ішкі тұтыну көлемін арттыру көзделіп отыр. Өйткені бала демалысқа шықса, ойын-сауық саласы мен туризм жанданады. Жұмыс орындары көбейіп, экономикаға серпін береді.
“Нарықтық экономикада біреудің шығысы — екінші біреудің кірісі екені белгілі. Тұтыну артқан сайын табыс та көбейеді. Жергілікті билік үшін бұл — экономиканы ынталандырудың ең арзан тетігі. Себебі оқу жылына қосымша демалыс енгізу бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді”, - дейді Macquarie Group орталығының бас экономисі Ларри Ху.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: