Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын вице-премьер-министр лауазымына тағайындады
Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын вице-премьер-министр лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қадыровтың ұлы дене шынықтыру және спорт министрі қызметін де сақтап қалды. Ахмат бұл жұмысты 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
Рамзанның басқа ұлдары да басшылық қызметтерде отыр:
Зелимхан Қадыров 2024 жылы "Ахмат" жекпе-жек клубы мен Шешен бокс федерациясының басшысы қызметіне кірісті;
Адам Қадыров 2025 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
Мәліметке сәйкес, Рамзан Қадыровтың 96 туысы, оның ішінде 14 баласының жетеуі мемлекеттік лауазымдарды атқарған немесе атқарып келеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: