Еуразия10 қараша 2023, 10:00

Шавкат Мирзиёев Израиль мен Палестина қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) кезекті саммитінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Газа секторындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі жаһандық қауіп төндіретін Таяу Шығыстағы Палестина-Израиль қақтығысы бәрімізді алаңдатады. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар, әйелдер, балалар мен қарт адамдар қанды қақтығыстың құрбаны болып жатыр. Шиеленістің ауқымы кеңейіп бара жатқаны байқалады. Бұл қайшылықтың ірі қақтығысқа айналуына жол бермеу керек. Біз тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, бейбіт келіссөздерді бастауға және ақылға қонымды ортақ шешімге келуге шақырамыз. Біз тағы да өз ұстанымымызды білдіргіміз келеді – Палестина халқы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарларымен расталған өзінің тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы», - деп мәлім етті Шавкат Мирзиёев.

Шавкат Мирзиеев Израиль-Палестина Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар