ЕуразияБүгін, 15:07

Тәліптер Ауғанстандағы интернетті өшіріп тастады

Ауғанстан билігін өз қолдарына алған тәліптер елде интернетті толығымен өшіріп, барлық байланыс арналарының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

NetBlocks веб-мониторинг қызметінің мәліметінше, Кабулда талшықты интернет жұмысын тоқтатты. Онымен қоса, ұялы байланыс қызметі тоқтады. Спутниктік теледидар да көрсетілмейді.

Желіге шектеулер ұшақтардың ұшуына әсер еткен. Елорда әуежайында кейбір рейстер тоқтатылды. Жергілікті кәсіпкерлер осындай жағдай жалғаса берсе, үлкен шығынға тап болатынын айтты.

Талибан бұл шешімдерін «азғындықпен күресу» деп түсіндіреді.

1TV телеарнасының бұрынғы бас редакторы Хамид Хайдари Ауғанстан «тіпті КХДР-ны басып озып, интернетті өшіру бойынша ресми көшбасшы болды» деп жазды.

тәліп Интернет Желі Ауғанстан
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
28 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар