ЕуразияБүгін, 12:54

Түрікменстанда жүкті әйел президент кортежі кесірінен қайтыс болды

Түрікменстанда жүкті әйел президент Сердар Бердімұхамедовтің кортежі өтіп жатқанда жолдың жабылуына байланысты көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 15 қазанда Түркменабад қаласында болған. Сол күні Бердімұхамедов Ниязов атындағы химия зауытында жаңа минералды тыңайтқыштар кешенінің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан. Осыған байланысты қаладағы бірнеше көше жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылған.

Медициналық қызметкердің айтуынша, әйел ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем жете алмағандықтан, күйеуі оны өз көлігімен жеткізбек болған. Алайда қауіпсіздік қызметі кортеж кесірінен көлікті өткізбеген.

«Күйеуі жылады, жалбарынды. Бірақ ешкім тыңдамады. Қауіпсіздік өкілдері «қалалық ауруханаға айналма көшелермен барыңыздар» деді. Сол жолда әйелі оның қолында жан тапсырды. Ауруханаға жеткенде дәрігерлер «тым кеш келдіңіздер» деп, дереу полиция шақырды», - дейді оқиғаның куәгері.

Түрікменстан Жүкті әйел Кортеж көз жұмды

Тақырыпқа жаңалықтар