Ұлы анасын 136 мәрте пышақтап өлтірген
Тәжікстанның Конибодом қаласында анасын айуандықпен өлтірді деген айыппен 32 жастағы азамат қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол анасына 136 рет пышақ сұққан дейді Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша баспасөз хатшысы Акбар Шарифи Asia-plus агенттігіне.
24 қарашада қамауға алынған Шахриёр Норматов пен оның 65 жастағы анасы Халимаджон Норматова арасында жанжал болған. Ана мен бала арасындағы кикілжіңнің себептері белгісіз. Тергеуде анасының қалай қайтыс болғанын Шахриёр Норматовтың өзі айтып берді.
«Ол пышақ ала жүгіріп, мені ұрмақ болды. Бірақ мен одан пышақты тартып алып, бетінен бір рет ұрдым. Сосын ішіне, қолына, мойнына, басына пышақ сұғып алдым. Ол құлап өлді…» дейді ол.
Норматов 136 рет пышақ сұғып, қылмыстың ізін жасыру үшін қанды киімін ауыстырып, бөлмесіне апарып, төсекке жатқызып, еденнің қанын жуып, пышақты тазалап, ізін суытқан.
«Келесі күні ғана Норматов туыстарына анасының күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлады, бірақ әйелдің туыстарының бірі оның мойнындағы жараларды байқаған. Өлтірген баланың туыстары „күтпеген жерден және кенеттен қайтыс болды“ деген хабарға сенбеген» делінген хабарламада.
Әйелдің психикалық аурумен ауырғаны және 1993 жылдан бері жергілікті психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды.
Акбар Шарифидің айтуынша, Шахрёр Норматовтың психикалық жағдайы психиатриялық сараптамадан өтеді, бірақ ол әлі психологтардың тексеруінен өтпеген.
Шахриёр Норматовқа Қылмыстық кодекстің 104-бабы (вса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылды.
Ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.