Эхо МосквыБүгін, 10:38

Ресейдегі зауытта екі қазақстандық өлі табылды

Ресейдегі зауыт аймағынан екі қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 14 қаңтарда Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында болған. Зауытта екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Бұл кәсіпорын – «Северсталь» компаниясының негізгі өндірістік нысаны.

Екі Қазақстан азаматы комбинаттың өндірістік алаңында мердігер ұйымдарда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта олардың өлімінің себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресей мәйіт Адам Зауыт

Тақырыпқа жаңалықтар