Эхо МосквыКеше, 11:28

“Жер сілкінісінен кейін”: Камчаткада ең биік жанартау атқылап жатыр

Камчаткада жер сілкінісінен кейін Еуразиядағы ең биік жанартау атқылай бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресей ғылым академиясының біріккен геофизикалық қызметінің аймақтық филиалы Ключев шоқысының батыс баурайынан лава ағып жатқанын хабарлады.

Шоқының басында жарқыраған жарық байқалып, жарылыс дыбыстары естіле бастаған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Камчаткада жанартау етегінде бірнеше туристік топ жүр. Сонымен қатар кейбір туристер жанартаудың атқылауын көзбен көру үшін Камчаткаға жоспарланған сапарларынан бас тартпаған.

Айта кетейік, Камчатка тарихында 8,7 балдық ең күшті жер сілкінісі тіркелді.

 

 

камчатка лава атқылады Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар