ӘлемБүгін, 14:39

“11А” орнының құдіреті: 27 жыл бұрынғы апатта да дәл осы жерде отырған актер тірі қалған

1998 жылы апатқа ұшыраған Thai Airways ұшағында тірі қалғандардың бірі – Джеймс Руангсак Лойчусак адам сенгісіз сәйкестікті байқаған, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Pattayanow ақпарат агенттігінің жазуынша, танымал тай актері Джеймс Руангсак Лойчусак 1998 жылғы ұшақ апатынан тірі қалған қырықшақты адамның біреуі.

Джеймс Руангсак Лойчусактың айтуынша, 1998 жылы 11 желтоқсан күні Thai Airways әуе компаниясының Airbus A310−300 ұшағы апатқа ұшырағанда ол 11А орнында отырған. Ол апат кезінде 101 адам қаза тауып, 45 адам жараланған еді.

Ал 12 маусымдағы әуе апатынан «11А» орнында отырған бір-ақ адам аман қалды.

«Денем тітіркеніп кетті. Мен де тура 11А орнында отырған едім», - деп жазды актер.

Ахмедабадтан Лондонға AI 171 рейсін орындаған әуе лайнері 12 маусымда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Ресми ақпарат бойынша кем дегенде 270 адам қаза тапты, бірақ құрбандардың нақты саны әлі анықталған жоқ. Ахмедабад полициясының хабарлауынша, мәйіттердің қатты күйіп кетуіне байланысты олардың кім екенін анықтау қиындық тудырып жатыр.

Ұшақ Үндістан Ақпарат Апат

Тақырыпқа жаңалықтар