Әлем8 қараша 2023, 12:00

127 британдық компания Ресейге қарсы санкцияларды бұзған

127 британдық компания Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды бұзған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлыбританияның қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкцияларды бұзғанын мойындаған және тергеуде ынтымақтасатын компанияларға жазаны азайтуға дайын, деп жазады Financial Times.

Басылымның мәліметінше, 17 мамырдағы жағдай бойынша 127 компания санкция бұзғанын өз еркімен мойындаған.

Санкция бұзғаны үшін жаза ретінде ескерту немесе айыппұл салынуы мүмкін, ал айыппұлдың жоғарғы шегі көрсетілмейді, оны қаржы министрлігінің санкцияларды орындауға жауапты департаменті шешеді.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін Ұлыбритания Ресей Федерациясындағы 1600-ден астам жеке және заңды тұлғаларға санкция салды. Санкциялар британдық бизнеске ресейліктермен ынтымақтастыққа мораторий жариялайды.

Маусым айында Еуроодақ әділет министрлері салынған санкцияны айналып өту үшін жазаларды анықтады.

Ресейге әскери тауар жеткізгені үшін кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ұлыбритания Ресей Санкция

Тақырыпқа жаңалықтар