"15 - 20 жыл". Думаға қарулы көтеріліс жасағанды жазалау жобасы ұсынылды
Қарулы көтеріліс үшін жазалау жобасы Мемлекеттік Думаға ұсынылды. Ресей үкіметі көтеріліске «қатысу дәрежесіне» және оның салдарының ауырлығына байланысты жаңа түзетулер енгізуді ұсынады. Көтеріліс ұйымдастырғаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін, қатысқаны үшін 12 жылдан 20 жылға дейін, ал егер бүлік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруы да мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сонымен қатар, бастама авторлары егер адам «билік органдарына өз еркімен және уақтылы хабарлау арқылы немесе одан әрі залалдың алдын алуға өзгедей ықпал етсе» қарулы бүлік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін заңда қарастыруды ұсынды.
«Мұндай шешім қарулы көтеріліске қатысушыларды заңсыз әрекеттерді жалғастырудан бас тартуға итермелейді», - делінген түсініктемеде.