Әлем22 қаңтар 2024, 13:00

1924 жылдан бері Эвересте 327 альпинист мерт болған

Эвересте жасыл етік киген өлген адамның құпиясы. 18 жыл бойы альпинистер шыңға шығу жолында қатып өлген адамның жанынан өтіп келген, - деп хабарлайды Arbat.media

1924 жылдан бері Эверест экспедицияларында 327 альпинист көз жұмған: шыңнан құлаған,жүрек  талмасынан немесе қатты шаршағаннан.

«Өлім аймағында» өлгендер сол жерде қалады, өйткені денені түсіріп алу өте қымбатқа соғады және тым қауіпті.

Қар мен мұз астындағы мәйіттер шыңға шығуда альпинистердің зәресін ұшырып, денесін түршіктіретіні рас. 

8500 метр биіктіктегі өлген адамдардың бірі аяқ киімнің түсіне және оның жеке басын жасыратын құпияға байланысты «Жасыл аяқ киім» деп аталып кеткен.

Британдық экспедицияның екі мүшесі мәйітті 1996 жылы мамырда тапты. Қолымен басын бүркеп алған, қасында рюкзагы мен оттегі баллоны бар. Содан екі күн бұрын британдықтар шыңдағы қарлы боран кезінде экспедициясының үш мүшесінен айырылған,  әбден титықтаған шаршаған үнді альпинистерімен кездесіпті. 

Жоғалып кеткен альпинист жасыл аяқ киім киген, бірақ бұл өлген адамның нақты кім екені белгісіз.

1996 жылдың 10 мамыры Эверест шыңында соққан қарлы боран тарихта ең көп адам өлімі болған күн болып саналады.  Сегіз адам қайтыс болды, оның ішінде үш үндістандық бар. Сол күні сағат 17.35-те олар лагерьдегі әріптестеріне рациямен: «Біз шыңдамыз» деп хабар берген, содан кейін байланыс үзілген.

Кім болса да, жасыл етік киген мүрде қорқынышты белгіге айналған, сол жерден шыңға дейін бес сағат.

Б

Эверест мүрде жасыл етік қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар